Bugin

Алматыда баласы зорланған ана сараптама қортындысымен келіспейтінін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фотограф: Gabriel Hohol

Алматыда жекеменшік мектепте 7 жастағы оқушының зорлануына қатысты баланың анасы тағы бір мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Баланың анасы Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратураға жүгінді. Оның сөзінше, қылмыс әшкере болғаннан соң бір ай өтсе де, әлі қылмыскер табылмаған. Бұған тергеу дұрыс жүрмей жатқанын алға тартады.

Айтуынша, психологтер баласын психиатрларға көрсетуге кеңес берген.

«ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке, бас прокурор Берік Асыловқа жүгінемін. Мен мемлекеттік органдарға жазған сауалыма әлі жауап ала алмағандықтан, бұл өтінішті өздеріңізге жолдауға мәжбүрмін», - дейді баланың анасы.

Сондай-ақ ол  қылмыстық іс бойынша жүргізілген сараптама қорытындысымен келіспейтінін жеткізді. Проктолог маман медициналық тексерістен кейін баланың  денесінде жаралар мен тыртықтар бар деп диагноз қойған. Алайда артынша оны құрт пен іш қатудан болған зақым деп шығарған.

Естеріңізде болса, Алматы тұрғыны 1-сыныптағы баласының зорланғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын. Кейін Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков аталған дерек Бостандық ауданы полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелгенін және бірқатар сараптама тағайындалғанын айтқан еді.